Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

АҚЫЛ МЕН БІЛІМ САЙЫСЫ

10 маусым, 2024

7-маусымда Ақтауда «MMG QUIZ-2024» зияткерлік турнирінің алғашқы ойыны өтті, онда Қаламқас, Жетібай және орталық аппарат мамандары нағыз нағыз білімділер атағы үшін сайысқа түсті.


Жас мамандар кеңесі ұйымдастырған іс-шараға 16 команда қатысты.


Ойынның өзі жеті турдан тұрды, олардың әрқайсысында қатысушылар: тарих, спорт, кино, мұнай ісі, музыка, бойынша, сондай-ақ логикалық түрлі сұрақтарға жауап беруі керек болды. Барлық турлар тартысты өтіп, командалар әр ұпай үшін табан тіресіп бәсекелесті.


Ақыл мен білім сайысында мұнайшылар реакция жылдамдығын, командалық жұмысты, ой-өрістерін тексеріп қана қоймай, уақытты қызықты өткізді.


Нәтижесінде «MMG QUIZ-2024» бірінші ойынының жеңімпазы «8 Бит» командасы болды, екінші орынды «Brent$» білімпаздары жеңіп алды, тұғырдың үшінші сатысына «OZIMIZ» командасы көтерілді.


Қоғам кәсіподақ комитетінің басщалығы, "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ мен "Жетібаймұнайгаз" ӨБ кәсіподақ комитетінің төрағалары жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап дипломдар мен сыйлықтар табыстады.


Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы үш ойын өткізу жоспарланып отыр, оның қорытындысы бойынша тұрақты чемпионаттың жеңімпазы анықталатын болады (4 ойынның нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған команда). Осыған байланысты әр ойынның нәтижелері жинақталып, жалпы кестеге енгізіледі. Қорытынды төртінші ойын финал болады, сонымен қатар Гранд-финалдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де анықталады.


Сондықтан барлық командаларға тұрақты чемпионатта жеңімпаз болуға, және кейінен бас жүлде үшін күресуге мүмкіндіктері мол екенін естеріне саламыз!