Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

ҚАУІПСІЗДІК ӘЛІПБИІ

03 маусым, 2024

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері тобы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Құраманың командирлері» тақырыбында оқытудан сәтті өтті.


Ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарына оқыту Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.


Оқыту барысында ТЖД мамандары тыңдаушыларға Төтенше жағдайлар, табиғи немесе техногендік апаттар туындаған кездегі қажетті іс-қимылдар, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу қағидалары, өзін-өзі құтқару мен өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдері мен жолдары және тағы басқа маңызды шаралар туралы айтып берді.


Оқыту қорытындысы бойынша қорытынды тестілеуді тапсырғаннан кейін ТЖД басшылығы қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті.


Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы басшылар мен қызметкерлерді оқыту және даярлау деңгейін арттыру жалпы Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Білімді үнемі жетіілддіріп отыру көп жағдайларға тиімді жауап беруге және жалпы қауіпсіздікке ықпал етуге көмектеседі.