Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

ҮЗДІК МАМАН» - 2024: ҰЖЫМНЫҢ МАҚТАНЫШЫ!

27 мамыр, 2024

24 мамырда «Үздік маман» - 2024 кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.


Байқаудың II кезеңі 22-23 мамырда Қаламқас кен орнында ұйымдастырылды. Оған бұрын бірінші кезеңнің жеңімпаздары болған Қаламқас пен Жетібайдан келген жұмыскерлер қатысты: мұнай және газ өндіру операторлары, слесарь-жөндеушілер, қабат қысымын ұстап тұру операторлары, электр газбен дәнекерлеушілер, тауар операторлары, ұңғымаларды зерттеу операторлары және химиялық талдау лаборанттары.


СОНЫМЕН, «ҮЗДІК МАМАН» - 2024 БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БОЛЫП КЕЛЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АТАНДЫ:


«Мұнай және газ өндіру операторы» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Артур Қарасаев (ҚМГ ӨБ 3-МГӨЦ)

2. Жақсылық Әділхан (ҚМГ ӨБ 3-МГӨЦ)

3. Асқарбек Кушаханов (ЖМГ ӨБ 3-МГӨЦ)


Қабаттық қысымды ұстау жөніндегі оператор» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Аманкелді Жақып (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ)

2. Бақытжан Демегенов (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ)

3. Еркін Қалымов (ҚМГ ӨБ ҚҚҰЦ)


«Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Арман Базарбаев (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)

2. Жомарт Мақсатұлы (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)

3. Мұхамбет Нұрсебепов (ЖМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)


«Тауар операторы» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Зәкәрия Адай (ЖМГ ӨБ МДжАЦ)

2. Нұрлан Әлібаев (ЖМГ ӨБ МДжАЦ)

3. Қуантай Қожанепесов (ҚМГ ӨБ КМДжАЦ)


«Химиялық талдау лаборанты» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Жолдас Әділов (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)

2. Айгерім Рахметова (ЖМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)

3. Әлия Жұмабаева (ҚМГ ӨБ ҒЗжӨЖЦ)


«Электр-газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Әнуәрбек Балғазиев (ЖМГ ӨБ ПЖПЖЦ)

2. Руслан Өтеев (ЖМГ ӨБ 2-МГӨЦ)

3. Асылбек Жарманов (ҚМГ ӨБ ПЖПЖЦ)


«Слесарь-жөндеуші» номинациясы бойынша «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары

1. Бақтыбай Нағибаев (ҚМГ ӨБ 1-МГӨЦ)

2. Мәжит Арманд (ҚМГ ӨБ МЖӨҚКЦ)

3. Ерәділ Нөкеров (ЖМГ ӨБ ГТДжГШПЦ)


Қоғам басшылығы мен кәсіподақ комитеті конкурсқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, жаңа биіктерді бағындыруларын тіледі, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Төртінші орын алған қатысушылар да назардан тыс қалмады, олар Қоғамның кәсіподақ комитеті атынан көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, комиссия мүшелеріне, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан жұмыскерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.


Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жалақыға айтарлықтай жылдық үстеме алғанын атап өту керек, сонымен қатар бірінші орын алған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыскерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасында өткізілетін «Үздік маман» кәсіби конкурсына қатысуға жолдама алды.


Өз тарапымыздан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!