«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Ынтымақтастық пен қолдаудың белгісі ретінде компания жұмыскерлері зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында ақшалай қаражат жинауды ұйымдастыруға бірауыздан шешім қабылдады. Жұмыскерлердің қаражаты «Мұнайлы Өлке» қайырымдылық қорына аударылып, зардап шеккен тұрғындардың қажеттіліктеріне бөлінді.
- Елді мекендерді топан судың басуы туралы хабар, бәріміздің де алаңдаушылығымызды туғызды, - дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Илмуханбетов. – Біздер ел басына туған осындай қиын-қыстау күндерде бірігіп, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Атап айтқанда, мұнайшылардың жиналған қаражатына, сондай-ақ Қоғамның Кәсіподақ комитетінің қаражатына біз Алматы қаласында жасақталған 20 киіз үй сатып алдық, қазір ол үйлер Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қаратал ауылына жеткізілді. Бұл киіз үйлерде апатты үйлердің тұрғындары уақытша орналасатын болады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына 20 газ жылу пушкалары мен шаруашылық тәшкелері жеткізілді. Әрине, біз көктемгі су тасқынының салдарын еңсеріп қалған зардап шеккен аймақтардың тұрғындары тез арада бұрынғы қалыпты өміріне қайта түседі деп үміттенеміз.
Бұдан бұрын жеке қорғаныс құралдары (арнайы киімдер, етіктер, қолғаптар және т.б.), 8000 қапшық, күректер сатып алынып, зардап шеккен аймақтарға жөнелтілген болатын, сондай-ақ біздің тарапымыздан техника (автобустар) жіберілгендігін де айта кету керек.
- Қазақ халқы әрқашанда бірлікгі мен ынтымағы жарасқан ел, халқымыздың осы асыл қасиеті біздің топан судан жардап шеккен отандастарымызға көмек қол ұшын созуға мұрындық болды деп ойлаймын, - дейді Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Асан Сақтапов. - Жоғарыда көрсетілген көмектен басқа, «Маңғыстаумұнайгаз» Ақтауда уақытша орналастырылған Атырау облысының 150 тұрғынын үш реттік тамақпен қамтамасыз етті. Құрық кентіндегі уақытша орналастыру пунктіне 1 млн. теңге қаражат бөлінді, сонымен қатар Жас мамандар кеңесінің бастамасымен зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек (жеке гигиена құралдары, шаруашылық тауарлары, азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары) жинау ұйымдастырылды. Мұндай қиын-қыстау сәттерде біздің күшіміз артып, бірлігіміз нығайып, кез-келген қиындықты жеңуге дайын жағдайда жұмыс істедік.
Мұнайшылардың табиғи апат салдарымен күресуге бірі қалмай белсенділік танытып түгел қатысқаны, өздерінің темірдей азаматтық жауапкершілігін танытқаны біздерге дем беріп, жаңа жеңістерге жетелейді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көрсететін көмегін қажет болғанынша жалғастыра береді. Біздің күшіміз - бірлікте!