Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide

МҰНАЙШЫЛАР ЖАҢА ОРТАЛЫҚТА БІЛІМ АЛАДЫ

29 наурыз, 2024

28 наурызда Қаламқас кен орнында мұнайшылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы, сондай-ақ басқа да қызмет салаларындағы теориялық сабақтарын өткізуге арналған жаңа оқу орталығы ашылды.


Аталған ғимараттың ашылуына себеп болған жәйт, кен орнында, қауіпсіздік саласында міндетті болып саналатын оқуларды ұйымдастыру үшін ыңғайлы және қолайлы ғимараттың болмауы болды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысы Бауыржан Ләтіптің бастамасымен, ғимараттың жобалық сметалық құжаттамаларын дайындау тапсырылған болатын. Асыға күткен нысанның құрылысы аяқталып, қызметкерлерді оқыту басталып кетті. Оқу орталығының қауіпті нысандарда жұмыс жасайтын қызметкердің сауатын ұштап, өз кәсіби қызметін қауіпсіз атқаруына елеусіз үлес қосатыны анық.


Орталықтың ашылу салтанаты барысында ғимараттың құрылысын жүргізген мердігерлік ұйымының өкілі кен орнының басшылығына символикалық кілтті табыстады.


Өз кезегінде «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығы Мақсат Нұрғабылов жаңа ғимаратта мұнайшыларды сапалы оқытып, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті.


Жаңа оқу кешені вахталық поселкенің дәл ортасында орналасқан, онда теориялық сабақтарға арналған төрт кең де жарық кабинет, кофе-брейк бөлмесі, киім ілетін орын, санитарлық тораптар, сондай-ақ техникалық үй-жайлар орналасқан. Орталық қажетті жиһаздармен және интерактивті жаб-дықтармен жабдықталған, бір уақытта мұнда 80-ге дейін адам оқи алады.


Сонымен қатар Мақсат Көмекұлы жаңа оқу орталығының кәсіби білім алу үшін жайлы және ыңғайлы орын болып, кен орын қызметкерлерінің көңілінен шығатынына сенімін білдіре келе, әріптестерін орталықтың ашылуымен құттықтап, ғимараттың ашылуына мұрындық болып ат салысқан барлық әріптестеріне алғысын жеткізді.


Марат Яшев,

қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшысы