Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide

ҚАЛАМҚАС НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

20 наурыз, 2024

19 наурызда Ұлыстың Ұлы күніне мерекесін Қаламқас кен орнының мұнайшылары атап өтті. Ауа-райының қолайсыздығы да сол кештегі мұнайшылардың көктемгі көтеріңкі көңіл-күйіне әсер ете алмады.

 

Мерекелік іс-шараларды «МұнАйым» әйелдер энергетикалық клубының мүшелері қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін білу викторинасымен ашып, ең үздік ұлттық киім сайысын өткізді, сондай-ақ тамаша музыкалық композицияларымен мерекеге жиналғандардың көңілінен шықты.


Сонан соң, мұнайшыларды Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов, облыстық Бекет-Ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев және Қоғам кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәди Кентановтар құттықтап, қызметкерлерге мерекелік тілектерін айтты, еңбекте озат жұмыскерлерді алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапаттады.


Сондай-ақ, мұнайшыларды «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ басшылығы мен кәсіподақ комитеті, сервистік компаниялардың басшылары құттықтап, «Амал Алаштың мерекесі» байқауында екінші орын алған Қаламқас қызметкерлеріне 100 000 теңгенің сертификатын табыс етті.


Мерекелік іс-шара Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының әртістерінің қойылымымен жалғасты, олар Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алуға арналған әсем музыкалық нөмірлер мен сахналық қойылымдарын орындап көрермендердің қошеметіне бөленді.


Кештің шарықтау шегі – мерекеге арнайы шақырылған Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиеваның сахнаға шығуы болды. Қаламқас мұнайшылары сүйікті әншілердің әндерін жылы қабылдап, өнерлеріне ризашылықтары мен алғыстарын айтып жатты.


Кенорнында концерттік бағдарламамен қатар арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру және қазақша күрестен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.


Бүгін Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шаралар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ақтау қаласындағы бас кеңсесінде өтеді.