Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide

ЖЕТІБАЙ МҰНАЙШЫЛАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

18 наурыз, 2024

18 наурызда көктем мен табиғаттың жаңаруы мерекесі - Наурыз мейрамын Жетібай мұнайшылары атап өтті. Мерекелік іс-шаралар «Жетібаймұнайгаз» ӨБ Асар кен орнында өтті.


Салтанатты шараны «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев, Бас директордың бірінші орынбасары Сюй Шиго және Қоғам кәсіподақ комитетінің төрағасы Мади Кентановтар ашты. Кенорнындағы әріптестерін шын жүректен құттықтаған олар, еңбекте озат мұнайшыларға алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті.


Сонымен қатар, компания басшылығы Жетібай жұмысшыларына «Амал Алаштың мерекесі» байқауындағы жеңісі үшін 150 000 теңгенің сертификатын табыс етті. Еске сала кетейік, бұл байқау 14 наурызда Компаиямыздың бас кеңсесінде өткен болатын, оның барысында Қаламқас, Жетібай және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері ұлттық нақышта безендірілген кабинеттерін көрсетіп, халқымыздың салт-дәстүрлерін бейнелейтін театрландырылған көріністер қойып, ән-күйлер орындаған еді.


Сондай-ақ, мұнайшыларды «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшылығы, кәсіподақ комитеті мен кенорнындағы сервистік компаниялардың басшылары құттықтап, қызметкерлерге адал еңбектері үшін алғыстарын айтып, жаңа табыстар тіледі.


Қатысушылардың барлығы Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрының әртістерінің орындауындағы тамаша концерттің куәсі болды.


Мерекеге арнайы шақырылған қазақстандық эстрада жұлдыздары Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиеваның өнері кештің нағыз көркі болды.


Мереке шеңберінде әсем концерттік бағдарламамен қатар спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Мұнайшылар арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру және ұлттық күрес - қазақша күресте сайысқа түсіп, жанкүйерлерінің көңілінен шығып жатты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.


Бүгін мерекелік шаралар Қаламқас кен орнында ұйымдастырылады, ал 20 наурызда Наурыз мерекесін Ақтау қаласындағы орталық аппараттың қызметкерлері атап өтеді.