Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Декларация - 2024

27 наурыз, 2024

Құрметті әріптестер!

 

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациялар 2024 жылғы 1 қаңтарда кірістері мен мүлкі туралы декларацияны 2023 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне кірген және бұрын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар ұсынуды жалғастырады.

Оларға, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары да кіреді.

Осылайша, жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен олардың жұбайлары 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынады.

Декларацияны ұсыну тәсілдері

Электрондық түрде – "Cалық төлеушінің кабинеті" арқылы (https://cabinet.kgd.gov.kz), электрондық үкімет порталы, сондай-ақ e-salyq azamat мобильді қосымшасы арқылы.

Қағаз жеткізгіште – мемлекеттік кіріс органдарына, ХҚКО-ға келу тәртібімен.

Пошта арқылы қағаз жеткізгіштегі хабарламасы бар тапсырыс хатпен-салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады.

Декларацияны тапсыру мерзімі:

15 шілдеге дейін-қағаз жеткізгіште;

15 қыркүйекке дейін-электронды түрде.

Декларацияны дұрыс емес немесе уақтылы ұсынбаудың салдары

Егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде ұсынылмаса, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі ("әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің (ӘҚБтК) 272-бабының 1-тармағы).

Ескерту жасалғаннан кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық болған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы).

Егер декларацияда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, анық емес мәліметтер қамтылатын болса, онда салық органдары да ескертумен шектеледі (ӘҚБтК 272-бабының 2-1-тармағы).

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК 272-бабының 2-2-тармағы).

Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілері жасырылған жағдайда, жасырын салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салықтар сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде (ӘҚБтК 275-бабының 1-тармағы) және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген (ӘҚБтК 275-бабының 2-тармағы).

Егер жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілсе, бұл шара қолданылады.

Бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұл салынбайды.

Сонымен қатар, Сізге оқу сабақтын сілтеме жібереміз, онда мемлекеттік тілінде 270.00 нысанды қалай толтыру керектігі туралы толық түсініктеме берілген.

https://youtu.be/_sWDgxDVABQ?si=OgszXd7YVVE6gy0V

Сондай-ақ, компания тарапынан біздің қызметкерлерге көмек көрсету мақсатында 2024 жылдың мамыр мен тамыздын аралығында кеңседе, сондай-ақ Қоғамның өндірістік басқармаларында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Сіздің тікелей басшыңыз Сізге түсіндіру жұмыстарын жүргізу уақыты мен орны туралы хабарлайды.