Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Әлемнің мәні – Әйелде!

07 наурыз, 2024

Бүгін, 8 наурыз қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы мен қызметкерлері әріптес әйелдерді көктемгі мерекемен құттықтады.


Дәстүр бойынша таңертеңнен бастап жұмысқа келген еркектер бас фойеде тірі музыка сүйемелдеуімен нәзік жанды әріптестеріне гүл шоқтарын сыйлап, ізгі тілектерін айтып қарсы алып жатты.


Сәл кейінірек Қоғамның акт залында өтекн салтанатты жиналыста әйелдерді «Маңғыстамұнайгаз» АҚ басшылығы құттықтады.


«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев, бас директордың бірінші орынбасары Сюй Шиго, Қоғам кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Бекес Құлмұрынов әріптес әйелдерді мерекемен құттықтап, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.


Қоғам басқармасы бүгінде компанияда 600-ден астам әйел жұмыс істейтінін және олардың барлығы да ерлермен қатар өндірістік және әлеуметтік міндеттерді лайықты орындап, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның дамуы мен өркендеуіне өздерінің қомақты үлестерін қосып жүргенін айтып ризашылығын білдірді.


Салтанатты іс-шара «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері - «МұнАйым» әйелдер энергетикалық клубының қатысушылары ашқан мерекелік концертпен жалғасты. Клуб қатысушылары орындаған тамаша музыкалық-би нөмірлері қатысушылардың көңілінен шықты. «МұнАйым» әйелдер энергетикалық клубының жетекшісі Шолпан Илмұханбетова жылы қабылдауы мен ізгі тілектері үшін ерлерге алғыс айтып, әйелдерді мерекемен шын жүректен құттықтады.


Сонан соң Н.Жантурин атындағы облыстық драма театрының әртістері өз өнерлерін ортаға салды. Лық толған зал әртістердің өнерін үлкен ризашылықпен қабылдады, қол шапалақтап, қолпаштап отырды.


Мерекелік концерт сәтті өтті!


Жуырда ғана Жетібай кен орнында да мерекелік шаралар өткен болатын. Қоғам басқармасы, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшылығы, кәсіподақ комитеті мен цех басшылары жиналған әріптес әйелдерді көктемгі мерекемен құттықтап, әрқайсысына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Кен орнында еңбек етіп жүрген әйелдер дән риза болды, ал ер адамдар үшін әйел әріптестерінің шаттанғаны, олардың көңіл-күйілерінің көтерілгені ең жақсы сыйлық болды.


Ертең, 8 наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар Қаламқас кен орнында өтеді.


Біз барлық әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Өміріңіз әрдайым махаббатқа, бақытқа және мейірімді адамдарға толы болсын. Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз!