Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

АШЫҚ ДИАЛОГ

22 ақпан, 2024

20-21 ақпанда Қоғам Басқармасының «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармалары еңбек ұжымымен есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында компания басшысы 2023 жылдың қорытындылары туралы айтып, сонымен қатар 2024 жылға арналған жоспарлармен бөлісті.


Жиында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев ұжымды мұнай өндіру, ұңғымаларды бұрғылау саласындағы негізгі өндірістік көрсеткіштермен таныстырып, жүргізіліп жатқан геологиялық барлау жұмыстары, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері, әлеуметтік және кадрлық саясат және т.б туралы егжей-тегжейлі баяндады. Бас директор өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мұнайшыларды жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөлді.


Кездесулер соңында дәстүр бойынша еңбек ұжымы тарапынан сұрақтарға кезек берілді. Жетібай мен Қаламқас мұнайшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, компания басшылығымен өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды.


Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдаған Мұрат Мұстафаев бөлімшелердің басшыларына қойылған сұрақтардың мәні бойынша тиісті шара қолдануды тапсырды.