«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Қаламқас пен Жетібай мұнай кәсіпшіліктерінен қуанышты жаңалықтар келіп түсуде. Бүгін, 2024 жылғы 25 қаңтарда, Қаламқас кен орнында 1979 жылы өнеркәсіптік пайдалану басталғаннан бері 175 миллион тонна мұнай өндірілді. Мұндай маңызды межеге Қаламқас кен орнының 45 жылдығында қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта Қаламқаста тәулігіне орта есеппен 9800 тоннадан астам мұнай өндіріледі.
Бүгінгі күні 110 миллион тонна мұнай өндірілген «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнайшылары да маңызды оқиғаны атап өтуде! Айта кету керек, Жетібай кен орны Маңғыстау мұнайының тарихында ерекше орын алады. Дәл осы жерде түбегіміздегі алғашқы мұнай бұрқағы 1961 жылы атқылаған болатын.
Бүгінде Жетібай кен орнында орташа тәуліктік мұнай өндіру шамамен 7000 тоннаны құрайды.
Бұл көрнекті сандардың артында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ының ұжымының кәсібилігі, ұйымшылдығы мен жауапкершілігі тұр, жұмыскерлердің әрқайсысы осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін өз үлестерін қосты.
Бұл күні өңірдің мұнай саласының қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагерлер мен алғашқы жол бастаушыларға ерекше алғыс айтқымыз келеді. Нағыз қиын-қыстау кезеңде ардагерлер болашақ жеңістердің берік іргетасын қалаған болатын!
Ардагерлерді және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымын тарихи оқиғаға - кезекті межені бағындыруымен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, бақыт, бақ-береке, молшылық және жаңа еңбек жеңістерін тілейміз!