Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

slide
slide

"МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ" АҚ ЖАҢА БАС ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

06 ақпан, 2023

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Мұрат Мұстафаев тағайындалды.


Осыған дейін М.Мұстафаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарып келді. Еңбек жолын «Южнефтегаз» АҚ мұнай өндіру операторы болып бастады. Әр жылдары «Торғай Петролеум» АҚ-да басшылық қызметтерді; «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да бас геолог, бас директордың орынбасары, геология және игеру жөніндегі басқарушы директор, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директор; «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ЖШС мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры лауазымдарында қызмет атқарды.


«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бұрынғы бас директоры Дәулетжан Хасанов бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.