Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

07 қазан, 2022

6 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай, өңір басшысы Нұрлан Ноғаев еңбек және әлеуметтік экономикалық құқықтарды қорғаудағы белсенді қызметі үшін, сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, кәсіподақ мүшелеріне Алғыс хат және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының медальдерін табыстады.


Салтанатты шарада әріптесіміз, "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің" «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кәсіподақ төрағасы Бекес Құлмұрынов облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.