Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

ҮЗДІК ЭКОЛОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

24 маусым, 2022

Бүгін дәстүрлі апталық планерлық отырыста "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бір топ қызметкерлеріне наградалар тапсырды. 


Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, сондай-ақ экологияны қорғауға қосқан зор үлесі үшін "Қазмұнайгаз "ҰК" АҚ төсбелгісімен Қоршаған ортаны және парниктік газдарды қорғау қызметінің басшысы Жаннат Екібаева марапатталды. "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Құрмет грамотасы Жетібай кенорны бойынша қоршаған ортаны және парниктік газдарды қорғау бөлімінің бастығы Аманкелді Бекмағамбетовке берілді. 

Әріптестерімізді алған марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!