«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Болат Сүлейменұлы Сейтмағанбетов
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары
Сәлеметсіздер ме, құрметті сайтқа келушілер!
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасының блогына қош келдіңіз.
Қоғамның ресми сайтына және Басқарма блогына кіріп, назар аударғаныңыз үшін рахмет. Сіздермен интерактивті қарым-қатынас жасау мүмкіндігі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызмет саласына әсер ететін мәселелерді толық талқылауға мүмкіндік береді деп сенемін.
Мен сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамын және бұл қарым-қатынас сындарлы және жемісті болатынына сенімдімін.
Сұрақ қоймас бұрын, пайдалану шарттарын мұқият оқып шығыңыз.
Құрметпен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары
Болат Сүлейменұлы Сейтмағанбетов
Канат (20 қаңтар, 2016)
Бақыт Алтайұлы, Сізге зор денсаулық тілейміз! 2016 жылы бонус беріледі ме?
Қайырлы күн, Қанат! Осы төлем Қоғамның Ұжымдық шартында көзделген, шарттың қолданыс мерзімі үстіміздегі жылы аяқталады. Бонус төлеу мәселесі, барлық тиісті факторлар ескеріле отырып, жылдың қорытындысы бойынша қаралады: қолданыстағы Ұжымдық шарттың талаптары, Қоғамның өндірістік және қаржылық көрсеткіштері.