Рұқсаттарды алу шарттары

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«ММГ» АҚ нысындарына және кен орындары аумағына кіру үшін Мердігер ұйымдардың қызметкерлері мен көлік құралдары үшін рұқсаттамаларын алу шарттары


Жасақталған шарттар бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін «ММГ» АҚ нысандарына және кен орындары аумағына кіру (шығу) үшін Мердігер (қосалқы мердігер) ұйымдарының қызметкерлері мен көлік құралдары «ММГ» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік қызметінен (КҚҚ) белгіленген нысандағы рұқсаттаманы алдын ала алуы қажет. Ол үшін №1 қосымшаға сәйкес «ММГ» АҚ Басқармасының атына (бас директор, бас директордың бірінші орынбасары) info@mmg.kz және mmg@mmg.kz электрондық мекенжайларына ресми хат жіберу қажет (үлгі қоса беріледі). Хатқа адамдардың жеке куәлік скан көшірмелері, көлік құралдарының техпаспорты, келісім-шарт көшірмелері қосымша берілуі тиіс. Бұрын ресімделген рұқсаттамалар бойынша көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлері және басқа да деректері өзгерген жағдайда №2 қосымшаға сәйкес хат жіберу қажет (үлгі қоса беріледі).


Мердігерлік ұйымдарға арналған өткізу режимі туралы толық ақпарат мердігерлік шарттарға қосымша болып табылатын ««ММГ» АҚ нысандарында өткізу және ішкі нысандық режимді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, РИ-12-21» құжатында көрсетілген.


Дайын рұқсаттамаларды беру КҚҚ тарапынан күн сайын (жұмыс күндері) сағат 15-00-ден 15-30-ге дейін ҚазҒЗЖИ бұрынғы ғимаратының фойесінде (Ақтау қ. «ММГ» АҚ ескі ғимаратының артқы жағында, 6 шағын аудан, №1 ғимарат) жүзеге асырылады. КҚҚ жауапты маманының байланыс телефоны: Шанитбаев Гүлшара Құланбайқызы, ж.т.211065.


№1 және №2 қосымша.docx