Жаңалықтар

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

ЖЕТIБАЙ МУНАЙШЫЛАРЫ ЖЫЛДЫК ЖОСПАРДЫ МЕРЗIМIНЕН БУРЫН ОРЫНДАДЫ

28 желтоқсан, 2017

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2017 жылдың еңбек вахтасын Жетібайлық мұнайшылар жоғары табыспен аяқтағанын хабарлаймыз! Бүгін, 28 желтоқсан күні сағат 13.00-де «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы мұнай өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. Жоспардағы 2285157 тонна мұнайды өндіріп, ел игілігіне тапсыру - мұнайшылардың ерен еңбегі мен табандылығының айқын айғағы! Бұл табыс ұжымның еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан орасан зор үлесі!

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Басқармасы «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы ұжымын келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңізге ізгі құрметімізді және шын ниетті алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, сарқылмас қуат пен 2018 жылы жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз!

Ізгі тілекпен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы.