«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қара және түсті металл сынықтарын сату бойынша аукциондарды өткізу туралы хабарландыру

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (130000, Ақтау қ., 6 ықшам аудан, № 1 ғимарат, СТН 430 100 000 245, БСН 990 140 000 483, www.mmg.kz корпоративтік сайты, тел.: +7 (7292) 211-526, 219-253, 219-184, 219-333) бағаны төмендету әдісі бойынша қара және түсті металл сынықтарын сату «Ақпараттық-есептік орталық» электрондық сауда алаңының E-QAZYNA.kz порталы арқылы сауда-саттық аукцион(дар) өтетінін хабарлайды.

Сауда күні мен уақыты: 05.09.2025 ж. сағ. 11:00.

Аукционға келесі лоттар қойылады:

  • Жетібай кен орнында орналасқан, 2000 тн. көлеміндегі түрлі диаметрлі және қалыңдығы қабырғаларының әртүрлі пайдаланылған сорғы-компрессорлық құбырлар (пайдаланылған СКҚ) (мұнай, айдау және газ ұңғымаларын пайдалану үшін қолданылады).

Сауда күні мен уақыты: 05.09.2025 ж. сағ. 12:00.

  • Әртүрлі сынықтар (металл сынықтары) – Жетібай кен орнында орналасқан 1600 тн көлемінде өндіріс процесінде пайда болатын қалдықтар (құбыр өнімдері, кесінділер, сынықтар, металл жоңқалары, жабдықтар, басқа сынықтар және т.б.).
  • Әртүрлі сынықтар (металл сынықтары) – 1525,04 тн көлемінде өндіріс процесінде пайда болатын қалдықтар (құбыр өнімдері, кесінділер, сынықтар, металл жоңқалары, жабдықтар, басқа сынықтар және т.б.). (1522,54 тн. Жетібай кен орнында орналасқан және 2,50 тонна - МТЖҚ базасында (Қызылтөбе ауылы, Ынтымақ ауылы, 1 ө.а., №90 ғимарат).

Заңды тұлғалардың мүлкін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықта сату тәртібімен «Sauda» – «Ақпарат» – «Сауда-саттық регламенті» бөлімінде танысуға болады, жоғарыда көрсетілген әрбір лот бойынша хабарландыруда сауда-саттықтың шарттарымен E-QAZYNA.kz порталында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: +7 (7292) 211-526, 219-253, 219-184, 219-333.