Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

«ҮЗДІК МАМАН - 2019» КОНКУРСЫ

22 апреля, 2019

Сіздерге 2019 жылдың 13-17 мамыры аралығында «Жетібаймұнайгаз» ӨБ кен орнында жыл сайынғы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың «Үздік маман - 2019» конкурсы келесі жұмыс мамандықтары бойынша өтетіндігін хабарлаймыз:

1. мұнай және газ өндіру операторы;

2. қабат қысымын ұстау операторы;

3. ұңғымаларды зерттеу операторы;

4. жөндеуші-слесарь;

5. электргазбен дәнекерлеуші;

6. темір жонушы;

7. химиялық талдау зертханашысы.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Үздік маман-2019» конкурсына қатысуға ниет білдірген кандидаттарға қойылатын талаптар:

- Қоғамда жұмыс тәжірибесі -1 (бір) күнтізбелік жылдан кем емес және жалпы кәсіби жұмыс тәжірибесі (мамандығы) бойынша - 3 (үш) жылдан кем емес;

- ҚжЕҚ бойынша нұсқауы білімін тексеру туралы белгісі бар куәлігінің болуы;

- соңғы өткен 6 ай ағымында ҚжЕҚ бойынша бұзушылық және ескертпе жоқтығы;

- бір күнтізбелік жыл ағымында тәртіптік жаза болмауы керек.

Конкурсқа қатысуға ниетті барлық кандидаттарға тікелей басшысына немесе АРБД персоналды бағалау жөніндегі бөліміне (тел.: 215-255) хабарласуды сұраймыз.