Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

АРЫСҚА – КӨМЕК

05 июля, 2019

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Басқармасы өз шешімімен Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында 20 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қайырымдылық қорына аударды.

«Арыстағы төтенше жағдай бүкіл Қазақстан халқын біріктірді. Қысылғанда көмекке дайын тұратын халқымыздың ұйымшылдығы мен бірлігіне куә болып отырмыз. Еліміздің азаматтары қайғылы оқиғаға тап болған арыстықтарға барынша қолдау көрсетіп, көмек қолын созып жатыр. Бұл жағдайды біздің компанияның мұнайшылары да зор алаңдаушылықпен қабылдады. Әлеуметтік жауапкершілік – біздің компания саясатының басым бағыты. «Маңғыстаумұнайгаз» акционелік қоғамының Басқармасы да Арыстағы ағайынмен бірге екенімізді айтқым келеді. Кешегі қайғылы оқиғадан қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Жарақат алған кісілердің тез сауығып кетуін тілейміз" –деп атап өтті Қоғам Бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жетібай Төлеғожаев.