АО «Мангистаумунайгаз»
Құрметті әріптестер!
Бүгін - 28.12.2020 жылы - сағат 08.50-де Жетібай мұнайшылары 2 323 731 тонна мұнай өндіріп, жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындады.
Бұл үлкен жетістік біздің мамандарымыздың тәжірибесі, білімі мен жоғары кәсібилігінің арқасында ең күрделі міндеттерді орындауға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді.
"Жетібаймұнайгаз" ӨБ ұжымы осы табысты жұмысы арқылы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту ісіне маңызды үлес қосуда!
Сіздерге мінсіз және жанқиярлық еңбектеріңіз үшін шынайы құрмет пен зор ризашылығымызды білдіреміз.
Игі тілекпен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы