Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

Құрметті әріптестер!

29 декабря, 2011

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Құрметті әріптестер!


Санаулы күндерден кейін еліміз тағы бір жылды артқа тастап, 2012 жылға аяқ басқалы отыр. Жаңа жыл – жаңа арман, жаңа міндеттердің бас­тауы.

Өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстан жүрісінен жаңылмай, аршындап алға басты. Ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығында еліміз айтулы жетістіктерге жетіп, абыроймен биіктерден көріне алды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болды. Халықтың әл-ауқаты өсіп, мемлекетіміздің абыройы асқақтады.
Үлкен-кішіге бірдей айтылатын осы сөз арқылы ақ ниетпен өткен жылды шығарып салып, ақ тілекпен жаңа жылды қарсы алатын ағайынға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін.

Құрметпен, Бас директор Мағауов Ә.М.