Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

Руководители АО "Мангистаумунайгаз" поздравили работников с Новым Годом!

28 декабря, 2012

Құрметті мұнайшылар!

Жаңа жыл қарсаңындағы ыстық ықылас пен шын пейілдегі құттықтауды қабыл алғайсыздар!

Жаңа 2013 жыл - жетістіктер мен жаңа бастамалар, ниеттеріңіз бен жоспарларыңыздың орындалатын жылы болсын!

Ескі жылды шығарып сала отырып, өткен жылда көптеген бағыттар бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізгендігімізді атап айтуға болады. Компания жаңа технологияларды игере отырып, мұнайшылардың аянбай еңбектенуі арқасында мұнай өндіруді жоспарлы түрде арттыруда. Кен орындары қорын зерттеу бойынша соңғы жылдары үлкен жұмыс атқарылды. Басты назар аударарлығы - соңғы бірер жылдықта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-дағы мұнай өндіру динамикасы корнекі көзге түсіп, үздіксіз өсуде. 2012 жылғы жоспарлы 5,9 млн. тонна мұнайды біз 5 млн 920 мың тоннадан асырамыз деп болжап отырмыз. Ал 2013 жылы өндіру межесін 6 млн. тоннадан асып түсу жоспарлануда. «Маңғыстаумұнайгаз» бұл жақсы нәтижелерге қабат қысымы мұнай өндіру деңгейін жоғарылатуға бағытталған ағымдағы ұңғымаларға ауқымды геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қол жеткізді.

Мұнай өндіру деңгейін көтерудегі негізгі әдіс ол бұрғылау болып табылады.

2012 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өндірістік бағдарламасында қарастырылған 110 бұрғылау ұңғымасының бүгінгі таңда барлығы 115-і қазылып артығымен орындалып отыр. Сәйкесінше 190 мың тонна мұнай қосымша өндірілді. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 176,9 % ал, 2010 жылмен салыстырғанда 261 %-ды құрайды.

2012 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамының кенорындарында 16 көлденең ұңғымалар бұрғыланып, қосымша мұнай өндіру 40 мың тоннадан асты.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қазақстандық заң талаптарын және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді ұстанады. Төтенше және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Компания өз жұмысшыларына қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастырып, жаңашыл технологиялар мен өндірістегі әдіс-тәсілдерді қолдануда.

Қоғам жұмысының тағы бір маңызды бағыттарының бірі – өлкенің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту. Тек 2010-2011 жылдары Маңғыстау облысының әлеуметтік қажеттіліктеріне 5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінсе, 2012 жылы 1 млрд. теңге (әлеуметтік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін: балалар алаңдарының құрылысы, көшелерді асфальттау, жарықтандыру, мектептерді компьютерлермен жабдықтау ж.т.б) жұмсалды. Компания қаражатына мектептер, бала-бақшалар салынды, мәдени ескерткіштер реставрацияланып, жолдар жөндеуден өтті ж.т.б.

Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына орай Жетібай кентінде өнер мектебі Компанияның арқасында бой көтерді. 2012 жылғы екі бірдей үлкен мерекеге арнап біз облыс тұрғындары мен жұмысшыларымызға арнап екі үлкен сый жасадық. Наурыз мерекесіне Жетібай кентінен жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашсақ, қасиетті Құрбан Айтта Қаламқас кен орнынан заманауи спорттық-демалыс кешенін іске қостық. Біздің кен орындардан жаңа жатақхана мен асхана салынып, құрылысы жүруде.

Біз тек өлкеде мұнай мен газ өндіріп қана қоймай, облысымыз бен Қазақстанның гүлденуі, дамуы жолында елеулі үлес қосудамыз!

2013 жылғы жасақталған даму Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Компания Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторын дамытудағы салмақты үлес болып табылатын өз мұнайын өндіруде жылдық 6 миллиондық межені асыруды алға қойып отыр.

2013 жылы әлеуметтік бағдарламалар өз жалғасын табатын болады. Алдымен қауіпсіз және жайлы еңбек шартын жасақтауға, тұрмыс және жұмысшылардың демалысын, денсаулығын қорғауға, сондай-ақ, қызметкерлердің кәсіби өсуіне жағдай жасау, олардың жеке дамуына және зейнетке шыққаннан кейінгі лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталады. Біздің Компания өзінің өндірістік және адами мүмкіндіктеріне қарай «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының лидерлік ұстанған позицияны сақтап, нығайтатынына және үдемелі алға ұмтылу қозғалысын жалғастыратынына сенеміз!

Құрметті әріптестер!

Соңғы жылдары біз толықтай жаңа сапалы деңгейден көрінуге қол жеткіздік. Бұл нәтижеге жұмысшыларымыздың кәсіби, жауапты және еңбек сүйгіштігі арқасында жеттік. Біз Сіздерді Компанияның дамуы мен гүлденуіне қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін жоғары бағалаймыз және Бізді алда жаңа жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғандығына сенімдіміз!

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақыт, мықты денсаулық тілей отырып, Жаңа Жылда бар арман-тілектеріңіздің орындалуына шын көңілден тілектеспіз!

Құрметпен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы