Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

Поздравление с Днем Геолога от имени Правления АО «Мангистаумунайгаз»

06 апреля, 2013
Құрметті АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» , «Жетібаймұнайгаз», «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-ның Геологтары!!!

2013 жылдың 7 сәуірінде, мұнайшы геолог қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Геологтар күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн Геологтар күні болып 2011 жылдың 20 қазанында Қазакстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Геологтар күні болып белгіленді.Бұл мереке жыл сайын сәуір айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.

«Маңғыстаумұнайгаз» мұнай өндіру басқармасы игеріп жатқан кен орындарының негізгілері игерудің соңғы сатысында тұр. Сол себепті қолданыстағы кен орындарында мұнай өндіруді қарқындатуға және қабаттардың мұнай беруін арттыруға бағытталған түрлі геологиялық-техникалық шаралар қолға алынуда. Компания атқарып отырған кешенді жұмыстардың барлығы да ескі кен орындарының тынысын қайта жандандыруға бағытталып отырғандықтан, геолог мамандардың ерен еңбектеріне әрқашан да «Ақ жол» тілейміз!!!

Геологтардың сейсмикалық зерттеулері кен орындарындағы өнімді мұнай көздерін табу мүмкіндіктерінің бар екенін пайымдап отырғандықтан, АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатына бөлініп отырған жұмыстар да қарқынын жоғалтпасы анық. Сонымен қатар компаниямыздың тағы бір жетістіктерінің бірі жаңа технология көлденең бүйірлік бұрғылау әдісі.Ұңғыны көлденең бүйірлік бұрғылау 2011 жылдан басталған болатын. Алғашында тәулігіне шамамен 100 текшеметр таза мұнай алып, қазіргі таңда жалғасын табуда. Осы жаңа технологиялардың жетілуіне біздің геологтарымыздың да үлесі зор.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өткен 2012 жылы өзiне қарасты кен орындарынан 5, 921 мың тонна мұнай өндiрсе, ал 2013 жылға 6,001мың тонна мұнайды өндіруді жоспарлап отыр.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс ерекшелігі, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!

Геологтардың кәсіби мерекесі - Геологтар күніне ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Геология саласындағы қызметкерлерді Төл мерекесі-Геологтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға отбастарыңызға амандық, еліміздің баянды болашағы, игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер мол табыстар тілеймін.

Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосып жатқан үлестеріңізге және де кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысты да берекелі болуына тілектестік білдіреміз .

Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қызметтеріңізге тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!

Құрметпен,

АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» Сунь Синъюнь

Бас директоры

Бас директордың Досмұхамбетов М.Д.

бірінші орынбасары