Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

Руководство АО "Мангистаумунайгаз" поздравило коллектив с Новым 2014 годом!

31 декабря, 2013

Құрметті мұнайшылар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2014 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз!

Жылқы жылы - жетістіктер мен жаңа бастамалар, ниеттеріңіз бен жоспарларыңыздың орындалатын жылы болсын!

Шығарып салғалы отырған Жылан жылы – жағымды оқиғаларға толы болғанын атап айту керек. 2013 жылы біз жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынасын реттейтін, Компанияның маңызды құжаты - жаңа Ұжымдық шартқа қол қойдық.

Компания жаңа технологияларды игере отырып, мұнайшылардың аянбай еңбектенуі арқасында мұнай өндіруді жоспарлы түрде арттыруда. Басты назар аударарлығы - соңғы бірер жылдықта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-дағы мұнай өндіру динамикасы көрнекі көзге түсіп, үздіксіз өсуде. 2013 жылы жоспарлы 6 001 000 тоннаны Компания 6 млн 76 мың тоннаға жеткізуді болжап отыр.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қазақстандық заң талаптарын және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді ұстанады. Төтенше және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Компания өз жұмысшыларына қауіпсіз жұмыс ортасын қалып-тастырып, жаңашыл технологиялар мен өндірістегі әдіс-тәсілдерді қолдануда.

Компания соңғы үш жылда әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 6 млрд. 105 млн. теңге бөлді. Әлеуметтік бағдарламалар түрлі бағытта жүзеге асырылып, мыңдаған адамдардың, соның ішінде, өз қызметкерлеріміз бен жалпы Маңғыстау халқының мүддесіне қызмет етуде.

2013 ж. 10 айы ішінде Компания қызмет-керлеріне – 443 млн. теңге материалдық, 816 млн. теңге демеушілік көмек көрсетілді. 2014 ж. қызметкерлерге 2013-2016 жж., Ұжымдық шартына сәйкес 533 млн. теңге материалдық көмек көрсету көзделген.

2013 жылы әлеуметтік бағдарламалар өз жалғасын табатын болады. Біздің Компания өзінің өндірістік және адами мүмкіндіктеріне қарай «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының лидерлік ұстанған позициясын сақтап, нығайтатынына және үдемелі алға ұмтылу қозғалысын жалғастыратынына сенеміз!

Құрметті әріптестер!

Соңғы жылдары біз толықтай жаңа сапалы деңгейден көрінуге қол жеткіздік. Бұл нәтижеге жұмысшыларымыздың кәсібилігі, жауап-кершілігі және еңбек сүйгіштігі арқасында жеттік. Біз, Сіздерді Компанияның дамуы мен гүлденуіне қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін жоғары бағалаймыз және Бізді алда жаңа жеңістер мен жетістіктер күтіп тұрғандығына сенімдіміз!

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақыт, мықты денсаулық тілей отырып, Жаңа Жылда бар арман-тілектеріңіздің орындалуына шын көңілден тілектеспіз!

Ізгі тілектермен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы