Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

Поздравление Правления АО "Мангистаумунайгаз"

02 сентября, 2016

Қымбатты мұнайшылар! Қадірлі жетібайлық әріптестер!

Сіздерді мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері Күнімен қатар келген Жетібай кенорнында мұнай ашылған тарихи оқиғаға 55 жыл және «Жетібаймұнайгаз» ӨБ-на 50 жылдық мерейлі мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге мұнайшылар атынан зор алғысымызды айтып, ел үшін атқарған ерен еңбектеріңіз үшін бас иеміз! Сондай-ақ Жетібай кенорнына қызмет кеткен геологтар, бұрғышылар, тасымалдаушылар, құрылысшылар және әлеуметтік сала қызметкерлеріне ерекше құрметімізді жеткізгіміз келеді.

Әрине, жарты ғасыр үлкен тарихи өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт. Компания осынау даңқты күнге дейін ерлік пен еңбекке толы ғасырлардың ғасырына татитын үлкен белестен жүріп өтті. Бұл мереке - ерекше мереке. Себебі, осынау ұлы оқиға Маңғыстау өмірбаянының жаңа, жарқын бетін ашты. Бір сөзбен айтқанда, халықтың қажетіне жаратқан «қара алтынның» арқасында Маңғыстау өлкесі республиканың ірі өндірістік орталығына айналды

Уважаемые коллеги!

55 летие первого нефтяного фонтана, 50-летие ПУ «Жетыбаймұнайгаз» – праздник особый. Ведь именно с жетыбайской землёй связана история нефтяной промышленности Мангистау. За 50 лет добыто почти 93 млн. тонн «чёрного золота» - это достойная лепта в развитие нефтяной отрасли страны.

Месторождение Жетыбай стало настоящей школой для всей нефтяной отрасли, школой для внедрения новых технологий, школой жизни. Здесь выросли крупные руководители, специалисты. Жетыбайская земля дала казахстанской нефти настоящих нефтяников.

Қымбатты әріптестер!

Ардақты ардагер ағалар, қадірлі мұнайшылар!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз!

Маңғыстау мұнайының киелі қара шаңырағының мәртебесі биіктеп, өңіріміз өркендеп, Тәуелсіз Қазақстан күн санап көркейе берсін!

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы,

Бас директоры Б. Иманбаев

Бас директордыңбірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн