Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

slide

Поздравление Председателя Правления АО "НК "КазМунайГаз"

02 сентября, 2016

Қымбатты әріптестер!

Сіздерді “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтаймын!

Еліміздің байырғы кәсіпорындарының бірінен саналатын “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасы елу жыл ішінде мұнайгаз секторының күретамырына айнала білді. Кәсіпорын ұжымы мұнай өндірудің қыр-сырын жетік меңгере отырып, өздерінің алдарына қойған міндеттерін жүзеге асыруда біліктілік пен кәсіби шеберлік танытып келеді. Осынау үлкен жетістіктерге қол жеткізуде ұжым мүшелері қалыптасқан дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, әлі күнге дейін ұйымшылдық пен табандылық танытуда. Көне кеніштің қыр-сырын жете меңгерген сіздер барған сайын байлығы сарқылатын жердің жанды қуатын халық игілігіне айналдыруда табандылық танытып келесіздер. Алдағы уақытта да сіздердің тың биіктерден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін.

Құрметті әріптестер, сіздердің бәріңізге зор денсаулық, баянды бақыт және ұзақ өмір тілеймін. Отбастарыңыз әрқашан амандықта болып, шаңырақтарыңыз шаттық пен ырысқа тола берсін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбектеріңізде жаңа жетістіктерге жетіңіздер.

Құрметпен,

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті

(Басқарма төрағасы) С. Мыңбаев