Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

Поздравление Правления АО «Мангистаумунайгаз» с 25-летием Независимости Республики Казахстан

15 декабря, 2016

Құрметті мұнайшылар, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 25 жыл бұрын орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Тәуелсіздік күні - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тәуелсіздікке ұмтылыс қашан да кедергі мен күреске толы болғаны әмбеге аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке.

Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз.

Желтоқсан айының алғашқы күні сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білген "Ұлт көшбасшысы" күнін атап өттік. Қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Қазақ Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күні Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Биыл «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы үшін де тарихи жыл. Жетібайдан бастау алған жарты ғасырдан астам тарихы бар өндірістің өрлеу үрдісі Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасының еңсе тіктеуіне жол ашты. Маңғыстау мұнайының тарихы Тәуелсіздік шежіресімен бірге өріліп келеді. Мұнайлы Маңғыстаудағы алпауыт компания деңгейіне қол жетті, Тәуелсіздікпен бірге түледік.

"Тәуелсіз елдің қуаты – мұнайы мен газында" дегендей, ширек ғасыр уақыт бойы ел экономикасының күретамыры саналатын мұнай-газ саласындағы толағай табыстарға қосқан сүбелі үлес, қажырлы еңбектеріңізге алғыс айта отырып, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Басқармасы

Бас директор Бақыт Иманбаев

Бас директордың

бірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн