Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

ПОЗДРАВЛЕНИЕ С ДНЕМ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

04 июня, 2020

Ешкімге жалтақтамай, өз еліңде, өз жеріңде дербес мемлекет екеніңді айқындайтын рәміздеріңнің Мәртебесін асқақтатып, еркін насихаттау - нағыз бақыт. Кезінде іштен тынып қана қоятын асыл арман бүгінде жас ұрпақтың игілігіне айналды. Ата-баба аңсаған еркіндік орнады. Ендеше бүгінгі мереке күні - жүрегі "Отаным - Қазақстан" деп соғатын әрбір жан үшін ең қастерлі күн деп айтуға келеді.

Құрметті мұнайшылар, қадірлі әріптестер, барша қазақ елін қасиетті мереке - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер Күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көк аспанмен түстескен көк туымыз төбемізде мәңгі желбіреп, Ән Ұранымыз шалқи берсін, Елтаңбамызды әлем танысын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, Егеменді еліміздің іргесі мықты болғай!

Құрметпен,

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасы