Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

slide
slide
slide
slide
slide

«KMG Skills»: ҮЗДІК ҮШТІК

15 октября, 2026
Атырауда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кәсіби шеберлік чемпионаты – «KMG Skills» қорытындыланды. Өндірістік біліктілік сынға түскен додада «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері үш жүлделі орынға ие болды.
Бірінші орын – «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, 4-мұнай және газ өндіру цехының 4-дәрежелі мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі Базаржан Мақтановтың еншісінде.
Үшінші орындарды «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, 3 - мұнай және газ өндіру цехының 4-дәрежелі мұнай-газ өндіру операторы Аманжол Бердіжанов пен «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, қабат қысымын ұстау цехының 5-дәрежелі қабат қысымын ұстау операторы Серікбол Оразбек иеленді.
ҚазМұнайГаздың 18 еншілес және тәуелді ұйымынан 120 маман қатысқан чемпионатта әріптестеріміз кәсіби шеберлігі мен өндірістік тәжірибесін дәлелдеді.
Үш жүлде – бір ұжымның мерейі. Бұл жетістік мұнай өндірісінің берік тірегі – білікті маман, сапалы еңбек және кәсіби жауапкершілік екенін тағы бір мәрте көрсетті.