Новости

АО «Мангистаумунайгаз»

slide
slide
slide
slide

В ДОБРЫЙ ПУТЬ!

01 октября, 2022

Бүгін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасанов «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ және «Жетібаймұнайгаз» ӨБ қызметкерлерімен – «Үздік маман-2022» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарымен кездесті. Олар енді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен өтетін кәсіби сайыста компанияның намысын қорғауға аттанады. Кездесуге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комиссиясының мүшелері, «Үздік маман-2022» кәсіби шеберлік сайысының сарапшылары, және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері қатысты.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман – 2022» кәсіби шеберлік байқауы 3-6 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы «Қазгермұнай» БК ЖШС өндірістік алаңдарында өткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға өз компанияларында үздік нәтиже көрсеткен «ҚазМұнайГаз»  компаниясына қарасты еншілес және тәуелді ұйымдар тобының қызметкерлері қатысады. Аталған байқау 13 жұмысшы мамандығы бойынша ұйымдастырылады, біздің әріптестеріміз 7-мамандық бойынша бақ сынайды Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, қабат қысымын ұстап тұру операторы, слесарь-жөндеуші, токарь, электр-газ дәнекерлеуші және химиялық талдау зертханашысы.


Кездесу соңында Дәулетжан Хасанов байқауға қатысушыларға сәт сапар тілеп, алдағы кәсіби додада компания абыройын жеңіспен алып шығатынына сенім білдіріп, бүкіл ұжым өз әріптестеріне зор қолдау көрсететінін атап өтті.