Жалпыға ортақ декларациялау

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы&rauo; Қазақстан Республикасының Кодексін (ҚР СК) қолданысқа енгізу туралы&rauo; Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.

1 кезең - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайлары ;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы&rauo; Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы&rauo;, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы&rauo;, Сақтандыру қызметі туралы&rauo;, Бағалы қағаздар нарығы туралы&rauo; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны ұсыну міндеті тұлғалар декларация тапсырады.

2 кезең - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • Мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

3 кезең-2024 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
  • жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

4-кезең - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • азаматтардың қалған санаттары

Декларацияларды ұсыну тәртібі ҚР СК 71-тарауында регламенттелген.

Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалар декларациясының мынадай түрлері көзделген:

  • активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан бойынша ҚР СК 630-бабы).
  • кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан бойынша ҚР СК 633-бабы)

Мынадай тұлғалар ұсынады:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;
  • Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы&rauo; Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы&rauo;, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы&rauo;, Сақтандыру қызметі туралы&rauo;, Бағалы қағаздар нарығы туралы&rauo; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.

Оларға мыналар жатады:

  • мемлекеттік ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғалар;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғалар;
  • сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеуге және іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдардағы дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын тұлға;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері.

басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға

бұл аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын тұлға

ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар

Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызмет бойынша бағынысты тұлғалардың орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығаруға, сондай-ақ бағыныстыларға қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдануға берілген құқық.

әкімшілік-шаруашылық функциялары

ҚР заңында белгіленген тәртіппен берілген ұйымның балансындағы мүлікті басқару және оған билік ету құқығы

Мынадай мәліметтер ашылады:

құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:

  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзен-теңіз&rauo; жүзу кемелерін;
  • көлік құралдарын, арнайы техника және (немесе) тіркемелерін;
  • барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасын;

Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (туынды қаржы құралдарын қоспағанда, олардың орындалуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылатын);
  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;
  • республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде көрсетілген қолма-қол ақша;
  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде жеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);

осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде басқа мүлік көрсетілуі мүмкін.

Мынадай мәліметтер ашылады:

күнтізбелік жылы үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алынған кірістер;

салықтық шегерімдер;

мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу;

жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданылатын АЕК мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша; 

есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:

  • шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын не құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;
  • эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі).

Жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді (ҚР СК 634-бабы).