Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
10.03.2020 ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ - БАСТЫ НАЗАРДА

     

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ портфеліне еліміздің бірнеше алдыңғы қатарлы шикізат өндірушілері мен өңдеушілері, ірілі-ұсақты сервистік компаниялар кіретін ең ауқымды жұмыс берушілерінің бірі. Сондықтан Ұлттық Компания қатарына кіретін мекемелер ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жалпы елдегі тұрақтылықты сақтау дегенмен үндеседі. Осы орайда, былтырдан бастап ұжым ішіндегі әлеуметтік тұрақтылық Индексін анықтау үшін бұрын қолданылып келген сауалнамалар орнына мәселенің жаңа қырларын ашуға, сондай-ақ алынатын шаралар тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулер енгізілді.

Бұл зерттеулер алдын ала жасалған жоспар бойынша Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығының мамандарымен жылына бір рет өткізіледі. Нәтижесінде зерттеу нысанына айналған компанияның әлеуметтік тұрақтылық индексі анық-талып, Ұлттық Компания тарапынан анықталған жайттар бойынша қажетті іс-қимылдарды қамтитын іс-шаралар жоспары жасақталып, зерттеуден өткен компания назарына ұсынылады. Компания өз кезегінде ұсынылған іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып, өздерінің ішкі жоспарын жасақтап, олар бойынша жасалған жұмыстар жөнінде тоқсандық есеп беріп отыратын болады.

2020 жылғы ақпан айының 12 күні әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы Ақтау қалалық филиалында 2019 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымы арасында әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер қорытындысы таныстырылды. Зерттеуге Компания ұжымының сапалық, санаттық және гендерлік құрылымына сай Компания персоналының 399 қызметкерінен тұратын кіші моделі жасақталып қатыстырылған. Олардың 76% жұмысшылар, 21% инженерлік-техникалық қызметкерлер, 3% жетекшілер құрап, оның ішінде 42% жоғары білімді, 38% кәсіптік білімді, 20% орта білімді болса, оның 88% ер адамдар да, калған 12% әйел адамдар құраған.

Зерттеу әлеуметтік тұрақтылық индексін құрайтын 4 кіші индекс бойынша жүргізілген. Олардың алғашқысы персоналдың жалпы белсенділігінің көрсеткішін анықтаса, келесісі әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін, үшіншісі әлеуметтік тыныштық деңгейін, төртіншісі жалпы Компанияның әлеуметтік даму деңгейін анықтайды.

Сонымен, 2019 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының әлеуметтік тұрақтылық индексі 67% құрап отыр. 2018 жылы бұл көрсеткіш 62%  деңгейінде болған. Бұл жоғарыда аталған әлеуметтік тұрақтылық индексін құрайтын 4 кіші индекстің біріктірілген орташа көрсеткіші. Олардың үшеуі бойынша Компанияда ілгерілеу бар. Мәселен әлеуметтік қамсыздандыру индексі 2018 жылы 59% болса, 2019 жылы 72% дейін өскен; әлеуметтік тыныштық индексі 2018 жылы 29% болса, 2019 жылы 50% жеткен; жалпы Компанияның әлеуметтік даму деңгейі 2018 жылы 98% болса, 2019 жылы 100% жеткен. Тек персоналдың жалпы белсенділігінің көрсеткіші 2018 жылғы 44%-дан 2019 жылы 29% дейін түскен. Алайда бұл көрсеткіштің кейін шегерілуі тек біздің Компанияда ғана байқалған құбылыс емес, жалпы Ұлттық Компания бойынша да бұл кіші индекс көрсеткіші 2018 жылы 65% құраса, 2019 жылы 56% дейін төмендеген. Демек, тенденция жалпы ұлттық болып отыр.

Ендігі мәселе құлдыраған индекстерді көтеріп, кері кету жағдайларын болдырмау. Әр кіші индексті анықтау үшін ондаған сұрақтың жауаптары сараптамадан өтуі керек. Мысалға, 44-тен 29%-ға төмендеген индекс көрсеткіші арнайы киім сапасы, қоғамдық тамақтану, корпоративтік құндылықтар, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қауіпсіздік, оқыту және дамыту сынды сан-түрлі әлеуметтік маңызы жоғары 23 сұрақтың жауабынан құралады. Яғни көрсеткіштер графигі жоғары жылжу үшін тиісті сұрақтар шешімін тауып, жұмыс жасалуы керек.

Осы орайда, Компанияның жауапты құрылымдық бөлімдері тиісті іс-шаралар жоспарын жасақтауға кірісіп кеткендігін тілге тиек еткім келеді. Бірнеше тармақтан тұратын құжат қызметтердің ұйымдастырылуындағы осал тұстарды оңтайландыруға бағытталады. Жұмыстардың жүрісі Басқарманың бақылауына алынып, тоқсандық есептерін осы газет бетіне жариялап отыратын боламыз.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Ізмұханов Қалбай Ажимбайұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары

Блогқа өту

біздің сертификаттар