Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
31.12.2020 ПОЗДРАВЛЕНИЕ ПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВА С НОВЫМ ГОДОМ!
 

Құрметті мұнайшылар! Қадірлі әріптестер!

 Бірер күннен 2020 жылғы күнтізбенің соңғы парақтары аударылып, зор үміт пен үлкен сенім артып отырған 2021 жылға қадам басамыз. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!

Әрине, өтіп бара жатқан жыл қай-қайсымыз үшін де оңай болған жоқ. Әлемді әдеттегі қалпынан жаңылдырған COVID-19 пандемиясы күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге біраз түзетулер жасады. Қызметкерлердің және олардың жанұя мүшелерінің амандығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы бірқатар жүйелік процестерді қайта қарап, жаңа талаптар мен ережелер қабылдауға тура келді.

Мәселен, әкімшілік персоналдың 70 пайызы қашықтықтан жұмыс жасау тәртібіне көшірілді. Оның ішінде көп балалы және зейнет жасына жақындаған азаматтарға басымдық бердік. Компания нысандарына келушілерге деген санитарлық талаптар күшейтіліп, вахталық әдіспен қызмет ететін мамандар ПТР тестінің қорытындысысыз жұмысқа жіберілмейтін болды. Еліміздің басқа қалаларынан қатынайтын әріптестерімізге де ыңғайлы жағдай тудырып, қауіптің алдын алу мақсатында айлық жалақысының 70 пайызын өтеу арқылы уақытша мәжбүрлі демалысқа жібердік. Ақпараттандыру жұмыстарын үдете түстік. Әрбір азаматқа індеттің қаупі туралы жіті түсінік беріп, қоғамдық-азаматтық жауапкершілікті де күшейттік. Осы тұста, "Жығылғанға жұдырық" демекші, әлемдік шикізат нарығы да құлдырап, мұнай бағасы күрт төмендеп кетті. Өндіріс өзін өзі ақтамауға айналды. Алайда, өлкенің ең ірі жұмыс берушісі ретінде артылған әлеуметтік жауапкершілік пен міндеттемелерді ескере отырып, қоғам тұрақтылығы мен отбасылар игілігі үшін жұмысты жалғастыра беру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, Компания нысандарында қызметкерлер үшін қауіпсіз эпидемиологиялық жағдай тудыруға, ал ең бастысы Компания қатарындағы төрт мыңға жуық азамат пен олардың отбасыларына тұрақты табыс көзінен айырылып қалмауға мүмкіндік бердік.

Әрине, ескертусіз шабуыл жасаған тілсіз жау бастапқыда баршамызды да абдыратқаны рас. Бұрын соңды адамзатқа кездеспеген жаңа вирус түрі қалыптасқан емдік протоколдарға күш бермеді. Қинады. Дегенмен, халқымызға тән бірлік пен жанашырлық қасиеттерінің арқасында бұл сынақтан да іргеміз сөгілмей өткендейміз. Осы тұста азаматтық жауапкершілік танытқан әріптестеріміздің ерен еңбегін атап өткенді жөн көрдік. Бірі ауруханалар жанында кислород баллондарын тасып, ерікті қызметте болса, енді бірі жылу жинап, оттегі концентраторларын жеткізуге жәрдемдесті.

Компания атынан да медицина мекемелеріне қомақты қолдау көрсетілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына 20 дана өкпені жасанды желдету қондырғылары, үш дана жедел жәрдем көліктері мен компьютерлік томограф аппараты сыйға тартылды. Облыстық ауруханаға Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан вирусолог мамандар бригадасын алдыруға арнайы ұшақ рейсін ұйымдастырдық. Жалпы, төтенше жағдай жарияланған 2020 жылдың наурыз айынан бері пандемиямен күресуге спонсорлық көмек ретінде 1,9 млрд.-тан астам теңге жұмсалды. Осы жұмыстардың барлығы да, құрметті мұнайшылар, Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында ғана мүмкін болды!

Баршаңызды жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыздың орындалуына тілектеспіз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңа береке, дендеріңе саулық тілейміз. Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!

 

Дорогие коллеги! 

 Позвольте от всей души поздравить Вас с наступающим новым 2021 годом!

Пусть предстоящий год станет для Вас годом реализации всех замыслов, планов и желаний!  Пусть сбудутся все Ваши мечты!

Выражаем Вам искреннее уважение и глубокую признательность за безупречный и самоотверженный труд.

Желаем  в наступающем году  реализации всех самых смелых планов и идеи, достижения больших высот! Пусть грядущий год принесет в каждый дом радостные вести и позитивные перемены, подарит много ярких событий и впечатлений, наполнит Вашу жизнь уверенностью и оптимизмом! Здоровья, благополучия, стабильности и процветания Вам и Вашим близким!

С Новым Годом!

 

 Құрметпен,

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Измуханов Калбай Ажимбаевич – Первый заместитель генерального директора АО Мангистаумунайгаз

Перейти в блог

НАШИ СЕРТИФИКАТЫ